4 ай бұрын Еңбекшіқазақ ауданында жоғалып кеткен үш жасар бүлдіршіннің мәйіті табылды
2024 жылдың 22 шілдесінде Еңбекшіқазақ ауданының полициясына адам сүйектерінің табылғаны туралы хабарлама түсті. Ол бұған дейін Күш ауылында жоғалып кеткен бүлдіршінге тиесілі болып шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: facebook.com/Бауыржан Аленов
Алматы облысы Полиция департаментінің басшысы Бауыржан Аленов сот-медициналық және генетикалық сараптамалар тағайындалып, өткізіліп жатқанын хабарлады.
Еске салсақ, үш жасар Айя-София 17 наурызда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Күш ауылында жоғалып кеткен еді. Оның үйден шығып кеткенін ешкім байқамай қалған. Баланың анасы оның жоғалғанын сол күні хабарлаған. Полицейлер, құтқарушылар, еріктілер, ауыл тұрғындары, тіпті әскерилер қызды іздеуге шыққан еді. Тіпті Күш ауылында көлдің суын бірнеше метрге ағызған.
Қазір күдіктілер қамауда. Полицейлер күдіктілерді ұстаған, бірақ олар кімнің күдікке ілінгенін хабарламады.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады