Алматыда атыс салдарынан бес адам қаза тапты: Оның ішінде екі полицей бар
Алматы қаласы Алатау ауданында атыс болып, бірнеше адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде төтенше оқиға туралы ақпарат тарап жатыр. Сот орындаушылары отбасын үйден шығаруға келгенде үй иесі оқ жаудырған. Оқиғадан 5 адам қаза тапты.
Ресми мәліметке сәйкес, бүгін сағат 17:00-де "Ақбұлақ" шағын ауданында 54 жастағы тұрғын бес адамды атып тастады. Олар сот үкімін орындауға келген. Оған сәйкес, үйдің иесі баспананы босатуы тиіс. Бірақ 1967 жылы туған ер адам қарсылық көрсетіп, екі полицей, бір сот орындаушы және оның екі көмекшісіне оқ атқан.
“Бес адам, оның ішінде қызметтік міндеттерін атқарып жүрген екі полиция қызметкері оқтан жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды. Біз қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтамыз", – делінген ресми хабарламада.
Күдікті ұсталған. Қазіргі кезде жағдай бақылауға алынды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу шаралары басталды.
Тағы оқыңыз >>>
Отбасы үш жыл бойы үй үшін соттасып келген: Алматыда арты өліммен аяқталған атысқа не себеп болды
Қаза тапқан полиция қызметкерлері:
- Алатау аудандық полиция департаменті учаскелік инспекторы, полиция майоры Дархан Дауылбайұлы Сүлеев, 1982 жылы туған азамат.
- Алатау аудандық полиция департаменті учаскелік инспекторы, полиция капитаны Нұрбол Назарбайұлы Байғазиев, 1988 жылы туған азамат.