Алматыда аралас жекпе-жектен Alash Pride 96 турнирі өтеді
Алматы қаласында аралас жекпе-жек спортынан Alash Pride FC 96 турнирі өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Alash Pride
ММА спортынан еліміздің ең үздік тұжырымдарының бірі саналатын "Алаш прайд" ұйымы өзінің кезекті 96-турнирін өткізеді. 2 мамыр күні, “Балуан Шолақ” спорт сарайында өтетін халықаралық турнирдің басты жекпе-жегінде лига чемпионы Рауан Бекболат дағыстандық Илиамин Джаватовқа қарсы жұдырықтасады. Сондай-ақ елімізге танымал Мақсат Есболат, Досқали Аширов сынды жас талантты спортшылар да сынға түседі. Турнирдің басты қонағы ретінде ММА спортының аңызы Федор Емельяненко шақырылған.
Айта кетейік, "Алаш прайд" тұжырымы елімізде ай сайын үздіксіз турнир өткізетін тұжырымдардың қатарында. Бұл тұжырымда көптеген танымал спортшылар өздерінің кәсіби мансабын бастаған еді.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар

