Алматыда алты жасар бала шатырдан құлап қаза тапты
Алматыда тұрғын үй кешенінде алты жасар бала шатырдан құлап кетіп, қайтыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот
Баланың Алматыға Атыраудан келгені белгілі болды. Алматы полиция департаменті оқиғаның 30 қыркүйекте болғанын хабарлады.
"2017 жылы туған ұл баланың қазасы бойынша Бостандық ауданы ішкі істер бөліміне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 140-бабы 2-бөлігі "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", – делінген хабарламада.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ