Алматыда алғашқы шетелдік көлік заңды тіркеуден өтті
Шетелдік көліктерді заңдастыру акциясының аясында Алматыда алғашқы көлік тіркеуден өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

39 жастағы алматылық Сейілбек Олжабеков бүгін Алматыға 2019 жылы Армениядан әкелінген көлігін тіркеді.
"Мен көп балалы әкемін, осы көліктің көмегімен күнімді көріп жүрмін. Мемлекет ұсынған осындай мүмкіндікті пайдаландым. Бұл халықты шынайы қолдаудың көрінісі. Біз өте ризамыз. Ақыры көлігімді заңдастырдым", - дейді Сейілбек Олжабеков.
- Шетелдік тіркеудегі көліктерді заңдастыру: ІІМ сенім телефонының нөмірлерін жариялады
- Қазақстанда көлік бағасы күрт қымбаттады
Бүгін, 23 қаңтарда Қазақстанда шетелдік көліктерді заңдастыру науқаны басталды. Кез келген көлік иесі бұл акцияны пайдаланып, заңдастыруға өтініш бере алады. Заңдастыру ережелерімен мына жерде таныса аласыз.
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген