Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда әлдебіреулер қос ғашықтың суретіне ине тығып, молаға тастап кеткен

Алматыда белгісіз біреулер екі ғашықтың суретіне ине тығып, зиратқа тастап кеткен. Тұрғындар моладан табылған суретті біреулер қасақана, дуа жасамақ болып тастап кеткен деп жорыған. Оқиға жайлы фотодағы ер азамат пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

ине тығып кеткен

Бірнеше жеріне ине тығылған сурет әлеуметтік желі қолданушыларының қызу талқысына түсті. Олардың бірі суреттегі екі жастың өміріне алаңдаушылық білдіріп жатса, кейбіреуі бұдан кейін не болғанын анықтағасы келген. Ал фотодағы Әлішер Қабаев желідегілерді сабырлыққа шақырады. 

"Жағдайымыз жақсы, қызым да аман-есен. Біз үшін алаңдап жатқандарыңызға алғыс айтамын. Алғашында біздің қорқып кеткеніміз рас, бірақ есімді тез жиып алдым. Бұны кім жасағаны бізге қызық емес. Кім болса да, күнәға батты ғой", - дейді Алматы тұрғыны Әлішер Қабаев. 

Нумеролог әрі көріпкел Адаут Ипарханның айтуынша, адамдар бастарына түскен проблеманы шешу үшін қара дуаны жиі қолданады. Өзіне де бірнеше рет қара дуа жасауды өтініп келгендер табылған. Алайда көріпкел олардың өтінішінен үзілді-кесілді бас тартқан. 

"Мен бұған сенбеуге шақырамын. Өйткені ұлы рух пен Әлем бар. Алла тағала, Құдай бәрін көріп отырады. Біз олардың қанатының астындамыз. Сол себепті ешбір адам дуа жасау арқылы біреуге зиянын тигізе алмайды", - дейді нумеролог. 

Психолог Наталья Сонарова болса, дуа жасауды көбіне өз мәселелерін шешкісі келмейтіндер, ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүретіндер іздейді деген пікірде. 

"Дуа мәселенің шешімі бола алмайды. Сіз тек өзіңізді алдайсыз. Шешілмеген проблема күн өткен сайын жаныңызды жей береді. Бұл бір жеріңізді ауырса, емделмей жүре берумен тең", - дейді психолог.  

Айта кетейік, Исламда да, Христиан дінінде дуаға сеніп, оны қолдану үлкен күнә болып есептеледі. Егер ол біреуге кесірін тигізуге бағытталса, күнәнің ауыртпалығы ұлғаяды. 

Талқылау