Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда алдағы уақытта жер сілкінісі болмайды деген ықтималдық 70% – ТЖД

Төтенше жағдайлар департаменті Алматыда алдағы уақытта 70% ықтималдықпен жер сілкінісі болмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазір Қытай мен Қырғызстан шекарасында болған жер сілкінісінің афтершогы баяулап  жатыр. Сейсмологиялық байқаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығының мамандары осындай мәлімдеме жасады.



“Сейсмологиялық байқаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық ахуалды бағалау жөніндегі комиссиясының кезектен тыс отырысының қорытындысы бойынша, алдағы күндері Алматы болжау полигонының аумағында магнитудасы 5,6 ал қарқындылығы 7 балл және одан жоғары балл болатын (MSK -64 – сейсмикалық шкаласы бойынша) күшті жер сілкіністері 70% ықтималдықпен болмайды", - делінген хабарламада. 

Еске сала кетсек, 23 қаңтарда Алматыда жер сілкінісі болды. Астана уақытымен 00 сағат 09 мин 02 секундта алматылықтар қатты жер сілкінісін сезді. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше жер асты дүмпуінің эпицентрі Алматының оңтүстік-шығысында, 264 шақырым жерде тіркелді. Магнитудасы 6,7 балл. Бұдан соң тұрғындар қалада тағы да бірнеше жер сілкінісі сезілгенін хабарлады. Ал ТЖД дерегіне сәйкес алдағы уақытта қуатты жер сілкінісі болмайды, сондықтан дүрлігудің қажеті жоқ. 

Талқылау