Алматыда әкімдік күзетшісі ғимаратқа кірмек болған журналисті күштеп сыртқа шығарып жіберді (видео)
Алматы қаласы Алатау ауданы әкімдігінің күзетшілерінің бірі "Хабар 24" телеарнасының журналисі Ақбөпе Тәңірбергенді мемлекеттік мекеме ғимаратынан күштеп шығарып жіберді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тілші оқиғаның видеосын Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында 24 тамызда жариялады.
Кадрларда күзетшінің қызды лифтке жібермей жатқаны көрсетілген. Журналист ештеңеге қарамастан ішке кіруге тырысқанда, ер адам оны көтеріп алып, сыртқа апарады. Телеарна қызметкерінің айқайы мен қарсылығын елемеген күзетші оны сыртқа итеріп жіберіп, есікті жауып алады.
"Әкімдіктің күзетшілері осылай жұмыс істейді" деп жазды тілші. Видеода өзге тұрғындар күзетшінің әрекетіне сын айтып жатыр.
"Scopus-қа мақала шығару үшін 1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық ғалымдар докторантурадағы талаптарға наразы
Ресми деректерге сүйенсек, қазір Қазақстан бойынша докторантурада 7 600-ден 9 500-ге дейін докторант білім алуда
"Денесінде бұған басшылық кінәлі деген жазуы бар": Түрмеден шығуына 20 күн қалған қазақстандық ер адам қаза тапты
Оны бостандыққа шығуына санаулы күндер қалған болатын