Алматыда ақылы көлік тұрағының ақысын төлемегендерге хабарламамен ескерту жолданады
Енді Алматыда ақылы көлік тұрағының ақысын төлемегендерге әуелі смс арқылы ескерту жолданады. Қазір бұл жоба ішінара жүзеге асырылып жатыр. Жуырда бұл жалпы қала бойынша қолданылуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиевтің айтуынша, бүгінде айыппұлды дәл сол хабарлама жеткеннен кейін 24 сағатта төлемеген жағдайда ғана салу ұсынылды. Сонымен қатар көлікті тегін қою уақытын 5 минуттан 15 минутқа ұзарту мүмкіндігі қарастырылып жатыр.
Айта кетсек, көлік тұрағының ақысын төлемегендерге шамамен 11 мың теңге айыппұл салынады. Депутат енді оның сомасы 3 есе азаяды деп мәлімдеді.
Заң күшіне наурызда енеді. Ал жазда Астанадағы ақылы тұрақтың барлығы әкімдік қарамағына өтуге тиіс.
"Күн көзіне шыға алмаймын": Қазақстандық альбинос жігіт өмірі туралы айтып берді
Сөзінше, ол көбіне тек кешке қарай далаға шығып серуендейді
Баланың ас мәзірі қандай болу керек? Маман ата-аналар жиі жіберетін қателіктерді атады
Өсіп келе жатқан ағза ақуызды, пайдалы майларды, көмірсуды, дәрумендер мен минералдарды тұрақты түрде алып отыруы керек