Алматыда Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған конференция өтті
Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы Жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай «Ұлтымыздың Ұлы ұстазы» атты конференциясы өтті.

Конференция барысында Байтұрсынұлының ғұмыры мен еңбектерін зерттеудегі тың жаңалықтар мен мәліметтер талданып, ғылыми тұлғасы жан-жақты ашылды.


Шара ерекшелігі сол, кездесу тыңдаушыларына Әзірбайжан елінің мұрағаттарынан табылған Байтұрсынұлының өзі бейнеленген видеодан үзінділер көрсетіліп, жастар жасампаз тұлғаның өмірі, шығармашылығы және еңбектерімен тереңінен танысуға мүмкіндік алды.

Конференция жұмысына Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының өкілдері, жас ғалымдар, ахметтанушы, филолог және тіл ғылымы мамандары, филология магистранттары мен докторанттары қатысты.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты