Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда адам өліміне әкелген автобус апаты: Зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

26 маусымда Алматыдағы Мақатаев көшесі мен Сейфуллин даңғылының қиылысында болған жол-көлік апатынан кейін 16 адам зардап шегіп, 1 адам қаза тапты. Кейін 25 адам зарлап шеккені айтылды. Жағдайға қатысты денсаулық сақтар басқармасы пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Алматы полиция департаменті

Алматы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің дерегінше, зардап шеккен 25 адамның төртеуі ауруханаға жатқызылған. Дәрігерлер науқастардың аяқ-қолы сынғанын, олардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланатынын хабарлады. Олардың айтуынша, бәрі қажет ем-домды қабылдап жатыр.

“Қалған зардап шеккен адамдар ұсыныстардан кейін тұрғылықты жері бойынша емделуге жіберілді. Медициналық көмекке барлығы 24 адам жүгінген. Бір жәбірленуші жедел жәрдем келгенше көз жұмды”, – деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.



Еске салайық, апатқа ұшыраған автобустың жүргізушісі Kia кроссоверінің келіп соқтығысқанын жеткізді. Оқиға кезінде жүргізуші баяулауға тырысқанымен, рөлді басқара алмай тротуардағы стендке соқтығысқан. Көлік оқиға орнынан эвакуацияланып жатыр.

Талқылау