Алматыда 3-4 сынып оқушыларына кезекші сыныптарға баруға рұқсат етілді
Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Құжатқа сәйкес, бұрынғы қаулыға өзгерістер енгізілді.
Мәселен, мәдениет нысандары (адамдар саны 30-дан аспайтын жеке және топтық жаттығулар), кітапханалар мен музейлер (ғимараттың толуы 50 пайыздан аспауы тиіс) жұмыс істей бастайды. Бұл ретте, маска тағу режимі және әлеуметтік қашықтық сақталып, санитарлық-дезинфекциялық шаралар қатаң жүргізілуі, желдету жүйелері іркіліссіз жұмыс істеуі қажет.
Сондай-ақ, 2020 жылдың 15 қыркүйегінен бастап ата-аналардың өтініші бойынша білім беру ұйымдарында 3-4 сыныптардың кезекшілік топтары жұмыс істей бастайды. Бұл ретте, сыныптағы балалар санын 15-тен асырмау және санитарлық нормаларды қатаң сақтау талабы қойылады.
Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар