Алматыда 23 жасар жігіт үш жасар баланы қағып өлтірді
Алматыда ауласында самокат айдап жүрген үш жасар бала көлік астына түсіп көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін, 28 сәуірде, түстен кейін Алматы қаласының Бостандық ауданындағы Орбита-3 шағынауданындағы үйлердің бірінің ауласында қайғылы оқиға болды.
"Subaru" көлігінің 23 жастағы жүргізушісі солға бұрылып, самокат мінген 2017 жылы туған баланы қағып кетті. Өкінішке орай, бала алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды", - деп хабарлады полиция.
Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелген. Қылмыстық іс Алматы қаласы ІІД тергеу басқармасымен өндіріске қабылданды.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?
"Қызымның арманы еді": Қазақстандық аналар баласын шетелге жіберуге рұқсат етпейтін әкелерге шағымданды
Әйел: "Талантты қызым конкурсынан қалды"