Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Туристерге жеңілдік қарастырылады": Алматыда жол жүру ақысы тамыз айынан бастап 120 теңгеге көтеріледі

Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесу барысында қаладағы қоғамдық көлікте жол жүру ақысы тамыз айының басынан 120 теңгеге дейін көтеріледі деп жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Алматы әкімдігі

Төлемді тек банктік аударымдар арқылы жасауға болады. Жолды төлеу ақысы оңтайландырылып, енді тұрғындар SMS немесе "Оңай"-мен төлей алады. 

"Мәслихаттың шешімін тағы қарастыруға болады. Онда жаңа тарифтер туралы шешімнің қай күні күшіне енетіні көрсетіледі. Сағындық Тоқтасынұлы, біздің журналистерге жауап беруіңізді өтінемін. Себебі олар жағдайдар бейхабар екен", – деді Ерболат Досаев. 

Одан кейін сөз қалалық мобилділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаевқа берілді.

"Басталатын күні... Әрине... тамыз айы. Қаулыға сәйкес, мен қазір нақты есімде жоқ, бірақ тамыздың бесінші немесе үшінші күні шешім шығады", – деді Сағындық Телібаев.

Бұдан бөлек Досаев Оңай арқылы алматылық туристерге жеңілдіктер ұсынды.

"Оңай арқылы SMS-хабарламалар мен төлемдер бұрынғы төлем әдістері болып қалады. Басқа төлем әдістерін әкімдік қарастырмайды. Сонымен өзі де басқа елге барғанда сол мемлекеттің шартымен жүреміз. Сондықтан бәрі онлайн төлем жасалады. Ал туристер үшін "Оңай" жүйесінде жеңілдіктер қарастыралады", - деп түйіндеді Ерболат Досаев.

Айта кетейік, 2024 жылдың 19 шілдесінде Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ХХІ сессиясы өтті. онда жаңа жол жүру ақысы бекітілді. Мақала жарияланған уақытта мәслихат сайтында да, "Әділет" сайтында да жарияланған шешім болған жоқ. Бірақ Алматы әкімінің жол жүру ақысын көтеру туралы қаулысы бар. ол "Әділет" сайтында 2023 жылғы 22 шілдеде жарияланған және ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Тиісінше, тариф 2-3 тамызда күшіне енуі керек.



Еске салайық, бұған дейін Алматы қаласы мәслихатының депутаттары мегаполисте қоғамдық көлікте жүру ақысын 120 теңге деп бекіткенін жаздық. Алматы әкімдігінің хабарлауынша, тарифті 120 теңгеге дейін көтеру техниканы дер кезінде жөндеуге, қосалқы бөлшектерді дер кезінде сатып алуға және тасымалдаушыларға түсетін қаржылай жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Талқылау