Алматы полицейлері 12 мектептен жарылғыш заттар іздеп жатыр
Алматыда белгісіз адам 12 мектепте жарылғыш зат қойғаны жөнінде хат таратты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Белгісіз адам ақша аударуды талап еткен. Егер ақша аударылмаса мектептерді жарып жіберетінін айтқан. Қазіргі кезде саперлер ғимараттарды тексеріп жатыр.
"Аталған факті ҚР ҚК-нің 273 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Жарылғыш зат туралы хабарлама қалдырған адамның жеке басын анықтауға және оны одан әрі ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде", - деп хабарлады полициядан.