Алматыда 1 маусым күні балалар қоғамдық көлікте тегін жүреді
Алматыда 1 маусымда балалар қоғамдық көлікте тегін жүреді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
“Балаларды қорғау күніне орай 1 маусым күні 16 жасқа дейінгі балалар үшін қоғамдық көлікте (автобус, троллейбус, метро) жүру тегін болады”, – дейді Алматы әкімдігінен.
Халықаралық балаларды қорғау күні жыл сайын 1 маусымда аталып өтіледі, ол 1949 жылғы қарашада бекітілген.
Балаларды қорғау күні ересектердің назарын балалардың өз пікірін еркін айтуына, білім алу құқықтары сақталуына, зорлық-зомбылықтан және өмір сүру құқығынан қорғауға аудару мақсатында өткізіледі. Ата-ана да мемлекет секілді балалардың құқықтары мен бостандықтарын мойындауы және сақтауы тиіс. Бұл туралы БҰҰ 1959 жылы қабылдаған Бала құқықтары декларациясында айтылған.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда