Алматы тауларында енді ұялы байланыс қолжетімді болады
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматы тауларында жаңа ұялы байланыс станцияларын орнату жоспарланып жатқанын хабарлады. Айтуынша, туристер жиі жоғалып жатқандығына байланысты шара қолданылуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Тауға баратын қалалықтардың саны төрт есеге артты. Былтыр карантиннен кейін барлығы тауға шығып кеткен.
Бірақ тауларда туристер жоғалып кеткен жағдайлар болды, өйткені мұнда байланыс жоқ. Қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін біз жыл басында ұялы байланыс операторларымен келіссөздер жүргіздік. Біз олармен байланыс жоқ 14 өлі аймақты таптық. Бұл адамдар жүретін жолдар. Сол жерде біз қосымша базалық станцияларды орнатамыз", - деді Алматы әкімі.
Еске салсақ, бұған дейін алматылық Ерман Байменов үш күн тауда қалып, ауыр жарақат алып, көз жұмған еді.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған