Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы тауында үш күннен кейін табылған ер адам көз жұмды

Алматы тауында үш күн бұрын жоғалып, кейін табылған Ерман Бәйменов көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ерман құтқарушылар оны таудан түсіргенге дейін көз жұмды.

"Зардап шегуші анықталған сәттен бастап және жедел медициналық жәрдем берілгенге дейін тасымалдау уақыты шамамен бес сағатты құрады. Жәбірленуші табылған кезде өте ауыр (алдын ала) күйде болды.

Сағат 20: 45-те Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары зардап шеккен 1985 жылы туған ер адамды жедел медициналық көмек пен АМО-ға тапсырды. Екінші іздестіру-құтқару тобында болған АМО дәрігері ер адамның қаза болғанын анықтады", - деп хабарлады ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Ерман Бәйменов 12 желтоқсан күні таңертең жалғыз өзі тауға шыққан. Кешке қарай артқа қайтқан. Қараңғыда жол таба алмаған. 19.00-де ол өзінің қалыңдығына Титов тау көлінің маңында адасып кеткенін хабарлаған, құтқарушыларды шақырған.

Шамамен 23.00-де ТЖМ қызметкерлері оның орналасқан жерін анықтады, бірақ онда жақындай алмады. Сағат 04.00 шамасында алматылықтың телефоны өшіп, онымен байланыс үзілді. Оның қалыңдығы ер адамның тауда "адам шыдамас жағдайда" қалғанын айтты.

ТЖМ мәліметінше, құтқару операциясына 39 құтқарушы қатысты, оның ішінде бес ит және алты автотехника бірлігі бар. Жігіттің туыстары хабарлағандай, іздеуге еріктілер, альпинистер және басқа да жанашыр алматылықтар қатысқан.

Талқылау