Алматы полициясының бұрынғы бастығы Қанат Таймерденов жаңа лауазымға тағайындалды
Алматы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Қанат Таймерденов Ішкі істер министрлігі экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Ішкі істер министрінің бұйрығымен полиция генерал-майоры Таймерденов Қанат Даниярұлы Қазақстан Республикасы ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы болып тағайындалды", – делінген етті Ішкі істер министрлігінің хабарламасында.
Айта кетейік, Қанат Таймерденов 2020 жылдан бастап Алматы полиция департаментінің басшысы болып қызмет еткен. Ал 2022 жылдың 25 маусымында Таймерденовтің Ішкі істер министрлігі орталық аппаратына қызметке ауысуына байланысты Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы қызметінен босатылғаны белгілі болды.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған