AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы полиция департаментінің басшысы қызметінен кетті

Қанат Таймерденов Алматы полиция департаментінің басшысы қызметінен кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қалалық ІІД басқарма басшыларының қатысуымен өткен жиында Қанат Таймерденов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен кететінін айтқан. Алматы полиция департаменті ақпаратты растады.

Таймерденовтың жаңа қызметті Ішкі істер министрлігімен байланысты. 

"Әрине, ол қызметін қай бағытта жалғастыратынын біледі. Бұл туралы айтпау себебі Ішкі істер министрлігі үшін қалыпты бағыныштылық қағидасы сақталған. Барлық тағайындауларды Ішкі істер министрі жасайды. ІІМ өздері жариялайды немесе министрліктің баспасөз қызметі арқылы жарияланады", – деді ІІМ-дегі дереккеөз Sputnik Қазақстан тілшісіне.



Айта кетейік, Қанат Таймерденов ішкі істер органдарындағы қызметін 1995 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданы ІІБ қылмыстық іздестіру бөлімінің 2-бөлімінің жедел уәкілі болып бастаған.

2000 жылы Алматы облысы Қарасай аудандық ішкі істер басқармасының қылмыстық іздестіру бөлімін басқарды. Сол жылы Алматы облысы ІІД криминалдық полиция қызметінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының ерекше маңызды істер бөлімінің бастығы болып тағайындалды.

Одан кейінгі жылдары Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменттерінде басшылық қызметтер атқарды.

2017 жылдың желтоқсан айында Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінің бастығы болып тағайындалды. Ал 2020 жылдың қаңтарында Алматы қалалық ІІД бастығы болды. 2022 жылғы қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде Алматы қаласының коменданты болған.

47 жастағы полиция генерал-майоры қаңтар айында қоршауда қалған бөлімді басқарып, жан-жақтан шабуылға ұшыраған ғимаратты сегіз сағат бойы ұстап тұрған.

Еске салсақ, бүгін Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Дархан Ділманов екі айға қамауға алынғаны туралы хабарланған еді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр