Алматы полициясы жол жиегінде бүлдіршінді қағып кеткен самокатшыны іздестіріп жатыр
Алматы полиция департаменті жаяу жүргіншілерге арналған жолда келе жатқан бүлдіршінді жоғары жылдамдықпен қаққан самокатшыны іздестіріп жатыр.
Самокатта жас жігіт пен қыз болған. Олар баланы қаққан соң анасымен ұрсысып, кетіп қалған.
Алматы полициясы мәліметінше, оқыс жағдай 2 мамыр күні Назарбаев пен Қабанбай көшелерінің қиылысында болған.
"Белгісіз біреу Назарбаев көшесінің бойында Қабанбай батыр көшесіне қиыласқан жерде самокатпен төрт жастағы жаяу жүргіншіні қағып, артынша ізін суытқан. Қазір бұл істі Алмалы ауданының полиция басқармасы тексеріп жатыр", - деп мәлімдеді полиция департаменті.
Бұған қоса, полицейлер самокатта жас жігіт пен қыздың болғанын айтады.
"Баланы қаққан азаматтар дереу анықталып, жауапкершілікке тартылады. Қазір іздестіру жұмыстары жүргізілуде", - деп мәлімдеді полиция.
Тәртіп сақшылары самокатты жалға беретін компаниямен байланысқа шыққан.
Алаяқтар қазақстандық әйелдің атынан банк картасын ашып, аударымдар жасаған: Енді оған қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
Қазақстандық: "Жүйе мені 76 жастағы адам деп таныды"
"300 теңгеге дейін жетуі мүмкін": Қазақстанда жанармай бағасы неге қымбаттап жатыр
Жұртшылық: “Жанармай қымбаттаса, бәрі қымбаттайды деген сөз”
