Алматы полициясы Қызыл кітапқа енген аққұтанды ату фактісі бойынша тергеуді бастады
Алматы полиция департаменті Сайран көлінде Қызыл кітапқа енген аққұтанды атып кеткендерді іздеп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Полиция департаменті жануарға зиянын тигізген жағдайды тергеп жатқанын мәлімдеді.
"Алматы қалалық полиция департаменті аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын, мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады", – деді тәртіп сақшылары.
Жануарлар құқығын қорғаушы Наталья Сульжик Facebook желісінде Сайран көлінде Қызыл кітапқа енген аққұтанды жаралы күйінде тапқанын хабарлады.
Құс ветеринарлық емханаға жеткізілді. Алайда жануарлар құқығын қорғаушы мен мал дәрігерлері қанша тырысқанымен, құс аман қалмады.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес": Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды