Алматы облысының таулы аймақтарында алдағы төрт тәулікте қар көшкіні жүру қаупі сақталады
Алматы облысының таулы аймақтарында алдағы төрт тәулікте қар көшкіні жүру қаупі сақталады. Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға ескерту жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“18 желтоқсан мен 21 желтоқсан аралығында қар көшкіні жүру қаупі сақталады. Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды, туристерді және демалушыларды қар басқан беткейлерге шықпауға, сондай-ақ таулы аймақтарда барлық қауіпсіздік шаралары мен тәртібін сақтауға шақырады”, –делінген хабарламада.
- Алматыда шаңғышы қар көшкінінің астында қалып көз жұмды
- "Үйін тауда салғандар – біздің болашақ "клиенттеріміз": Төтенше жағдайлар министрі Алматы облысында болған көшкінге пікір білдірді
Алматы облысының аумағында қар көшкіні қаупі бар 55 аумақ бар, олар Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай өңірлерінде Іле-Алатау тау жотасының оңтүстік беткейінде орналасқан.
"Негізінен қар көшкіні ауа температурасының жоғарылауынан және жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашынның көп түсуінен болады", - деп түсіндірді ТЖД.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"