Алматы облысының тауларында қар көшкіні болады деп күтілуде
Алматы облысының тауларында қар көшкіні болады деп күтілуде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Төтенше жағдайлар департаменті тауларда қар көшкіні жүруі мүмкін екенін ескертті.
Ақпаратқа сәйкес, 5 пен 8-ші желтоқсан аралығында Алматы облысының тауларында көшкіні қаупі сақталады. Осыған орай ТЖД туристер мен демалушыларды қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ, таулы жерлерде барлық қауіпсіздік пен мінез-құлық шараларын сақтауға шақырды.
"Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 55 көшкін қаупі бар учаске бар. Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауы мен жаңбыр және қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады", – делінген хабарламада.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды