Алматы облысындағы құс фабрикасында 40 мыңнан аса тауық қырылып қалды
Алматы облысындағы құс фабрикаларының бірінде оттегінің жетіспеушілігінен 41 мың тауық тұншығып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға Ұйғыр ауданында орналасқан Otan Green Food ЖШС құс фабрикасында орын алды. Әкімдікте атап өткендей, құс өлімі автоматиканың істен шығуына байланысты орын алған.
"Екінші бройлер цехының үшінші корпусында микроклиматты бақылайтын компьютер істен шықты. Бұл ауа беру клапандарының жабылуына әкелген, бұл өз кезегінде бөлме температурасының көтерілуіне және оттегінің азаюына себепші болған. Аталған фактіні кәсіпорынның ветеринарлық қызметі растады", - делінген Ұйғыр ауданы әкімдігінің хабарламасында.
Әкімдікте құс тұмауын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілгенін, талдау теріс нәтиже көрсеткенін атап өтті.
Марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына берілген 20 миллион теңгені кім алды: Әкімдік жауап берді
Марқұмның мүлкіне қатысты мәселелер заң талаптарына сәйкес нотариус арқылы рәсімделген
Астанада нөсер жаңбырдан кейін әйелдің 35 миллион теңгелік көлігі жарамсыз болып қалды
Анар Долдырина бұл жағдайға байланысты Астана әкімдігіне өтініш жолдаған