Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысындағы кісі өліміне алып келген төбелестің тағы екі қатысушысы ұсталды

Алматы облысының полицейлері кісі өліміне алып келген төбелестің қатысушыларын ұстады. Оқ атқан күдікті оқиғадан кейін келесі күні ұсталған. Ал қалған күдіктілерді іздестіруге 5 күн кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

күдіктілер

"Жігіттердің арасында түсінбеушілік болды. Төебелссіз шешіледі деп ойлағанбыз, бірақ олай болмады. Олар бірінші болып біздің достарымызға газ тапаншасынан оқ атты. Досым қорқытпақ болып аспанға атқан, алайда қарсыласына тиіп кетті. Кісі өлтіру ойымызда болған жоқ. Осылай болғанына қатты өкінеміз", – дейді күдіктілердің бірі. 

Соңы атысқа ұласқан төбелес Есікте 23 шілдеде болған. 18 және 30 жастағы екі ер адам оқ жарақатын алған. Олардың біреуі ауруханада көз жұмды. Ал екіншісі әлі ауыр халде жан сақтау бөлімінде жатыр. Полицейлер үш күдіктінің де бұрын сотты болғанын айтады. Олардан жанжал кезінде қолданылған помпалық қару тәркіленді. 

"Қазіргі уақытта полицейлер бұл қылмыстың барлық қатысушыларын ұстады.  Күдіктілер Еңбекшіқазақ ауданы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша тергеу жүріп жатыр", – деді Еңбекшіқазақ ауданы полиция басқармасы басшысының міндетін атқарушы Диас Жолдасов.  

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласында атыс болып, салдарынан екі адам жарақат алған еді. 

Талқылау