Алматы облысындағы автожолда алты автокөлік соқтығысты
Алматы облысында бірнеше көліктің қатысуымен жол апаты болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі.

Облыстық полицияның баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апатынан автокөліктердің бірінің жүргізушісі жеңіл жарақат алған.
"Алдын ала дерек бойынша, Audi 100 автокөлігінің жүргізушісі "жол бер" жол белгісін елемей, басты жолға шығып, Toyota Solara автокөлігімен соқтығысқан. Содан кейін Toyota жол бойында тұрған төрт көлікті инерциямен қағып кеткен. Нәтижесінде Toyota жүргізушісі жеңіл жарақат алды, бірақ ауруханаға жатудан бас тартты", - деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.
ЖКО фактісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабының бірінші бөлігі бойынша әкімшілік материал жиналды. Апатқа кінәлі адамға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады немесе алты айға дейінгі мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырылады.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді