Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысындағы ауруханада науқастың туыстары дәрігерді ұрып тастаған

28 ақпан күні таңертең Талғар аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөлімінде науқастың туыстары түнгі кезекшілікте болған және науқастарды қабылдаған хирургты ұрып-соққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға туралы блогер Жанар Құсайынова YouTube-тағы LIFE KZ арнасында мәлім етті.

"Бүгін мұнда жағымсыз оқиға болды. Қабылдау бөлмесінде дәрігерді ұрды. Соқыр ішегін алып тастауды қажет ететін науқастың туыстары емдеу процесіне араласуға тырысты. Ол боғауыз сөз айтып, әдепсіз сөйледі... Пациенттер мен олардың туыстары тарапынан мұндай қарым-қатынас болмауы керек", - деді блогер.

Оның айтуынша, зардап шеккен дәрігер есінен танып, тексеру үшін травматология бөліміне жеткізілген. Ол компьютерлік томографиядан өтті.

"Мұндай фактілер жария етілуі және құқық қорғау органдарының, денсаулық сақтау органдарының назарынан тыс қалмауы тиіс. Дәрігерлер мен барлық медицина қызметкерлері мемлекеттің қорғауында болып, біздің азаматтарымыздың денсаулығын сақтау және өмірін құтқару бойынша қызметтерін орындауы тиіс", - деп есептейді блогер.

Құқық қорғау органдары мен медициналық мекеменің өзі бұл оқиға туралы әлі түсініктеме берген жоқ.

Талқылау