Алматы облысында жол апаты салдарынан екі адам тірідей жанып кетті
Алматы облысында екі көліктің қатысуы жол апаты болып, екі адам тірідей жанып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы-Қонаев бағытындағы тас жолдың 54 шақырымында Ford Mondeo мен Mercedes-Benz S-класс көліктері соқтығысқан. Соққы салдарынан Ford жол шетіне шығып, өртеніп кеткен. Жүргізуші мен жолаушы көлікпен бірге жанып кетті.
Ал Mercedes-Benz жүргізушісі соққыдан тізгінге ие бола алмай, жол ортасындағы темірге бірнеше рет соғылған. Ол жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.
Қазір оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатыр.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі