Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан әйел адам мен жас бала қаза тапты
Алматы облысында жантүршігерлік жол-көлік апатынан әйел адам мен жас бала қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 24 сәуірде Алматы – Өскемен автожолының 190 шақырымында болған.
"Көксу ауданында Subaru Legacy автокөлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай қалып, автокөлік аударылып кеткен. Жол апаты салдарынан әйел адам мен бүлдіршін бала мерт болды. Әртүрлі жарақатпен 4 адам жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді", – делінген хабарламада.
Ауруханаға жатқызылғандардың арасында үш кәмелетке толмаған бала бар.
Оқиға орнында полицейлер жұмысты жалғастырып, ЖКО мән-жайын анықтап жатыр.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар