Алматы облысында үй карантині режимін елемеген әйел дүкенде ұсталды
Сарқан қаласында үй карантині режимін бұзып, дүкенге барған әйелді жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайдв Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Алматы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді.
Сарқан тұрғыны наурыз айының соңына таман Ресейден келіпті. Осы себепті ол ережелерге сәйкес үйіне карантинге жабылған. Десек те қойылған талаптарды елемеген әйел қалаға бірнеше шығып жүрген.
"Шектеулерге қарамастан азаматша қоғамдық орындарға барып, басқаларының денсаулығына қауіп төндірген. Полиция, прокуратура және медицина қызметкерлері жұмылдырылған жедел тобы тұрғынды Сарқандағы дүкенде ұстады", - делінген ресми хабарламада.
Осыған орай ереже бұзған азаматшаға 10 АЕК (26510 теңге) көлемінде айыппұл тағайындалған.
Талқылау

Радикализмнен қорғанудың жолы – иммунитет қалыптастыру: Теріс ағымнан сақтануда діни білімнің маңызы қандай
Әл-Фараби Болатжан: “Надандық бар жерде радикалдық ағым кең етек жая бастайды”

"Несиенің пайыздық мөлшерлемесі азаяды": Сарапшы коммерциялық банктер тұрғын үй жинағын енгізсе қандай өзгерістер болатынын айтты
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”