Алматы облысында тойға келген қонақ тілек айтуға шығып, аспанға оқ атқан
Қазнетте үйлену тойының видеосы пайда болды, онда қонақтардың бірі төбеге тапаншамен оқ атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тергеу барысында оқиғаның Алматы облысында болғаны анықталды. Қонақ ашуланғаннан емес, керісінше, эмоцияға беріліп оқ атқан.
Полиция видеоға қызығушылық танытты. 26 жастағы алматылық жарық-шу патрондарын қолдана отырып, сигналдық тапаншадан оқ атқанын анықтады.
“Қазіргі уақытта ҚР ӘҚБтК-нің 436-бабы 1-бөлігі (Елдi мекендерде атыс қаруынан, газды, пневматикалық, лақтырылатын және электрлі қарудан оқ ату, пиротехникалық бұйымдарды қолдану) бойынша әкімшілік өндіріс басталды. Сигналдық тапанша алынды, оған сараптама тағайындалады”, – деді Алматы облысы ДП баспасөз қызметі.
Той ұйымдастырушы мен мейрамхана әкімшілігі де тексеріліп жатыр.
Ұсталған адам көпшілік алдында кешірім сұрады және мұндай жағдай енді қайталанбайды деп уәде берді.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған