Алматы облысында тасжолда көкпар ұйымдастырған тұрғын жазаланды (видео)
Алматы облысында жол бойында көкпар ұйымдастырған 34 жастағы ауыл тұрғыны жазаланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ұлды болған ер адам ат жарыс өткізуді жөн санапты. Бірақ ойын қызған кезде автомобиль жолына бет алған қатысушыларды бақылай алмады.
Тас жолдағы ат жарыстың видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Полиция оқиға 26 наурызда Қарасай ауданындағы Райымбек ауылының маңында болғанын хабарлады.
Іс-шараны 34 жастағы жергілікті тұрғын ұйымдастырған. Ол Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 434-бабына сәйкес ("ұсақ бұзақылық") әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
"Алматы-Жандосов автожолында көлік қозғалысына кедергі келтірілді. Жергілікті атқарушы органдарға іс-шараның өткізілуі туралы хабарланған жоқ. Салдарынан қатысушылар ойын алаңынан тыс жерге шығып кетті", – деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қаламсап лақтырған: Полиция тексеру бастады
Нұрахмет заттың нақты қай пәтерден лақтырылғанын анықтауды сұрап отыр
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген