Алматы облысында сотталушы түрмеде отырып, қазақстандықтардың 25 млн теңгесін иемденген
Алматы облысының прокуратурасы №12 түзеу мекемесінде жазасын өтеу жатқан сотталушылардың интернет-алаяқтық жасау фактілерін анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Аталған факті 2023 жылдың 2 наурызында мамандандырылған прокуратурасында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі, 4-тармағы – "Алаяқтық" бойынша құқық бұзушылық фактісі бойынша тіркеліп, тергеу бөлімшесіне берілді.
Прокуратураның мәліметінше, тергеу барысында сотталушыдан 2 ұялы телефон мен 41 сим-карта тәркіленген. Сотталушы аталмыш құралдардың көмегімен WhatsApp арқылы телефон соғып, хат алысып тұрған.
“Қазіргі уақытта сотталушының басқа да құқық бұзушылықтарын анықтау үшін облысымызда да, Қазақстан Республикасының басқа да өңірлерінде де деректер базасына мониторинг жүргізілуде. Сондай-ақ, түзеу мекемесі қызметкерлерінің әрекетсіздік фактілері мамандандырылған прокуратурада Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 370-бабы 2-бөлігі "Қызметтегі әрекетсіздік" бойынша тіркеліп, Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментіне берілді”, – деді прокуратурада.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген