Алматы облысында полиция басшысы қол астындағы қызметкерін балағаттап, погонын жыртып тастаған
Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасының басшысы қол астындағы қызметкерлерінің погонын жыртып, балағаттады деген жазбаға қатысты қызметтік тексеру жүріп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Дәулет Бағашар есімді полицей бастығының өзіне дөрекі сөйлеп, бейнетіркегішті де жұлып тастағанын видеоға түсірген еді. Видеода Дәулет Бағашар киімінің жыртылғанын көрсетіп, қалтасынан погонын шығарып жатыр. Ал оны түсіріп тұрған адамның аты аталмайды. Бірақ полиция басқармасының басшысы оның да погонын жыртып тастағанын айтады. Басшылық пен қатардағы қызметкер арасында не болғаны белгісіз.
“Аталған дерек ақпаратты есепке алу кітабына тіркеліп, жарияланған бейне және аудиожазбалар барлық егжей-егжейлі зерттелуде. Сараптама нәтижелері шыққаннан кейін аталған бөлімшенің лауазымды тұлғаларының іс әрекеттеріне баға беріледі және тиісті шешім қабылданады”, – деді Алматы облысы Полиция департаментінің ресми өкілі Ақбота Қуанышбекқызы.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар