Алматы облысында отшашу тиелген жүк көлігі өртеніп кетті (видео)
Алматы облысында отшашу тиелген жүк көлігі өртеніп кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жол апаты 11 желтоқсан күні сағат 23:00 шамасында Алматы-Шелек-Қорғас тас жолында болған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Кадрлардан өртеніп жатқан жүк көлігі мен жан-жаққа атқылап жатқан түрлі-түсті отшашуларды көруге болады.
Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, отшашу тиелген Mercedes Benz жүк көлігі өртеніп кеткен.
Жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ. Полиция жүк көлігінің өртену себебі анықталып жатқанын атап өтті.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі