Алматы облысында өгей әкесі зорлаған 8-сынып оқушысы жүкті болып қалды
Облыстық полиция оқушының жүктілігіне қатысты ақпаратты растады. Сондай-ақ, олар күдікке ілінген азаматтың асылып өлгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алматы облысы Лепсі ауылында әйел адам 8-сыныпта оқитын қызын бұрынғы екінші күйеуі зорлағанын айтты. Мұнымен қатар, ол сотта әділдікке жету үшін көмек сұрады. Айтуынша, екі рет арыз жазғанына қарамастан, бұл істі жылы жапқысы келетіндердің қарасы көп.
Бұдан өзге ол мектеп директоры мен аудан білім бөлімі басшысының өзінен арыз жазбауды сұрағанын жеткізді. Олар мұны қызметтен қуылуы мүмкін болғандықтан сұраған-мыс. Тіпті, қызына түсік жасату үшін аша ұсынғандар да болған.
Алматы облыстық полиция департаменті өз кезегінде осы фактіге сәйкес қылмыстық істің қозғалғанын мәлімдеді. Күдікті тергеу барысында кінәсін мойындамай, артынша қолхатпен босатылған соң, асылған күйінде табылған.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн