Алматы облысында мопед жүргізушісі КамАЗ-дың астына түсіп, көз жұмды
Алматы облысында КамАЗ жүргізушісі мопед жүргізушісін басып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алматы облысы полиция департаментінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 7 қазан күні "Байсерке-Шелекемір-Қараой-Междуреченск" автожолының 30 шақырымында орын алған.
41 жастағы "Pedo" маркалы мопедтің жүргізушісі автожолдың оңтүстік жиегімен шығыс бағытта жүріп, жолдың жүру бөлігіне шығып кеткен. Дәл осы кезде 49 жастағы жүргізуші басқарып келе жатқан "КамАЗ" жүк автомобилінің тіркемесімен соқтығысқан.
- Шымкентте бір жасар баланы пойыз қағып кеткен
- "Кінәлілер атағына қарамастан жазалансын": Тұрсынбек Қабатовтың жол талғамайтын көлігі ер адамды қағып өлтірген
- Тіл тартпастан көз жұмған: Елордада 23 жастағы мас жүргізуші жаяу жүргіншіні аяусыз қағып кетті
Мопед жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында тіл тартпастан көз жұмды.
"Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу" бабы бойынша іс қозғалды. Қазіргі уақытта аталған жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайларын объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде", - деп түсіндірді облыс полициясында.
Талқылау

Радикализмнен қорғанудың жолы – иммунитет қалыптастыру: Теріс ағымнан сақтануда сақтануда діни білімнің маңызы қандай
Әл-Фараби Болатжан: “Надандық бар жерде радикалдық ағым кең етек жая бастайды”

"Несиенің пайыздық мөлшерлемесі азаяды": Сарапшы коммерциялық банктер тұрғын үй жинағын енгізсе қандай өзгерістер болатынын айтты
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”