Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тіл тартпастан көз жұмған: Елордада 23 жастағы мас жүргізуші жаяу жүргіншіні аяусыз қағып кетті

Нұр-Сұлтанда рөлге мас күйінде отырған жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетті. Күдікті оқиға орнынан із суытып үлгерген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеп хабарлайды.

Отағасы тіл тартпай кетті: Павлодар облысында жылқының кесірінен бүтін бір отбасы апатқа ұшырады

"6 қазанда сағат 21.19 - да мас жүргізуші Zaz Chance маркалы автокөлігін басқарып, Кекілбаев көшесімен келе жатып, Қайсенов көшесінің қиылысында бағдаршамның тыйым салатын сигналына шығып, жаяу жүргіншіні қағып кетті", - деп хабарлады полиция.

28 жастағы ер адам жаяу жүргіншілер белгісінен бағдаршамның жасыл белгісінен өтіп бара жатқан. Өкінішке орай, алған дене жарақатынан оқиға орнында тіл тартпастан көз жұмды.

ЖКО орнынан жасырынбақшы болған жүргізуші 21.22-де қиылыста тұрған Lexus маркалы автокөлігімен соғысқан. Мас жүргізуші көлігін тастап, оқиға орнынан жаяу қашып кеткен.

Lexus жолаушысы ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің қарауынан кейін үйіне жіберілді. Кейін полиция қызметкерлері 23 жастағы жүргізушіні ұстады.

"Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ол орташа ауырлықтағы мас болған. Аталған факті бойынша тергеу жүргізілуде. Жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады полиция өкілі.

"Мас жүргізушілердің кінәсінен жол-көлік оқиғаларының саны артып келеді. Жазықсыз адамдар оқиға салдарынан қайтыс болған немесе жарақат алған кезде бұл өте өкінішті. Мас жүргізушілердің кінәсінен апаттардың алдын алу елордалық полицияның басым міндеті болып қала береді. Жол қозғалысын күнделікті қадағалау және мас күйінде көлік жүргізу фактілерінің жолын кесу бойынша рейдтік іс - шаралар жүргізілуде", - деп келтіреді елордалық полиция бастығы Ержан Сәденовтың баспасөз қызметі.

Талқылау