Алматы облысында металл қабылдау бекетінде жарылыс болып, үш адам қаза тапты
Фото: pixabay.com
Алматы облысында Іле ауданындағы металл қабылдау бекетінде белгісіз зат жарылып, үш адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға орнына полиция, өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем қызметі барған. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.
Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға орнынан қаза тапқан үш адамның денесі табылды.
“Іле ауданында орналасқан металл қабылдау пункттерінің бірінде болған қайғылы оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады. Аталған жерге жедел түрде полиция, өрт сөндірушілер және жедел жәрдем қызметі келді. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр Барлық тергеу әрекеттері заңнамаға сәйкес жүзеге асырылуда”, – делінген хабарламада.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған