Алматы облысында мерекелік шара кезінде әкімдік қызметкері қайтыс болды
Алматы облысында мерекелік шара кезінде әкімдік қызметкері қайтыс болды. Ер адам кенет өзін нашар сезініп, есінен танып қалған. Дәрігерлер оған көмектесе алмаған. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі Orda.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға Еңбекшіқазақ ауданында болған. Ассы жайлауында жыл сайынғы дәстүрлі Agro-Business Forum Assy-2023 форумы өткен. Іс-шара аяқталғаннан кейін қонақтардың бірі ауырып, есін жимастан қайтыс болады.
Алматы облысының әкімдігі марқұмның Бәйтерек ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман болып жұмыс істегенін хабарлады. Бірақ ол мерекеге жеке, демалушы ретінде барған. Марқұмның отбасына материалдық көмек көрсетуге уәде берген.
- ІІМ шетелдік көлігін заңдастырып үлгермеген азаматтарға мәлімдеме жасады
- Шымкентте көлік ұрлады деген айыппен ұсталған жігітті азаптап өлтірген полицейлерге үкім шықты
Ассы үстірті – теңіз деңгейінен 2800 метрден астам биіктікте орналасқан жазғы жайылым. Бұл жағдай ер адамның денсаулығына әсер етуі мүмкін екені айтылады.
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған
1100 адамға кешкі ас қарастырылған: қымбат салат, түрлі ассорти, стейк, жеміс пен десерт қойылған
Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең даулы сәттер: 2025 жыл қандай жайттармен есте қалды?
2025 жылы желіде талқыланған даулар