Алматы облысында көшенің қақ ортасында ер азаматты атып кетті
Алматы облысында 30 жастағы ер азаматты тапа тал түсте атып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға Түймебаев ауылында болған. Атыс жайлы полицейлерге ауыл тұрғындары хабар берген. Кейіннен анықталғандай, 24 жастағы ауыл тұрғыны марқұммен араздасып, атып кеткен. Оның денесін елді мекеннің сыртына алып барып, үтсіне топырақ сеуіп тастаған. Оның бұл әрекетке не үшін барғаны анықталуда. Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол он бес жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
"Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 1-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша тіркелген", - деді Алматы облысының ПД-нің ресми өкілі Аұбота Қуанышбекова.
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты
Желі қолданушысы: "Бір ғана әйелмен ол қызықсыз. Басқасын да көргің келеді"
"Күніне 6 миллион 406 мың теңге табады": ТОП-10 қазақстандық шенеуніктердің бай әйелдері
Ерболат Досаевтың жұбайы Гүлнар Досаева Қазақстандағы люкс санатындағы компаниясының тең иесі