Алматы облысында көлік өтетін көпірді су шайып кетті (видео)

Алматы облысының Алакөл ауданындағы көпірді су шайып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алакөл аудандық баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір көпірді қалпына келтіру жүргізіліп жатыр.

"Алакөл ауданы аумағындағы облыстық маңызды бар Қабанбай-Лепсі автомобиль жолындағы көпірді су шайып кетті. Оқиға 30 сәуір күні сағат 21:00 шамасында болды. Таудан аққан өзен суының шамадан тыс көтерілуінен көпірдің бір жақ шетін шайып кетті", - делінген ведомствоның таратқан хабарламасында.

Қазіргі кезде "Алакөл жолдары" және "СПМ-306" мекмелерінен 6 техника жеткізіліп, қажетті мамандар жұмылдырылып, көпір қайта келтіріліп жатыр.

"Аталған көпірдің құрылыс жұмыстарына тапсырыс беруші Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы. Мердігер мекеме "СМП-306" ЖШС мекемесі",- деп толықтырды аталған ведомствоның өкілдері.


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр