Алматы облысында кәсіпкерден ақша бопсалап келген бір топ адам ұсталды
Алматы облысының полицейлері облыстық Ұлттық қауіпсіздік департаментімен бірлесіп, ірі көлемде ақша бопсалады деген күдікпен бір топ адамды ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаментімен бірлесіп арнайы операция жүргізіп, оның барысында кәсіпкерден ақша бопсалады деген күдікпен бір топ адамды ұстады.
Қазіргі уақытта күдіктілердің барлығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Қазіргі таңда ұсталғандарға қатысты қылмыстық кодекстің 194-бабының 2-бөлігі "Алдын ала сөз байласу арқылы топ болып бопсалау" бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді Алматы облысы ІІД бастығының орынбасары полиция подполковнигі Эльдар Әбдікенов.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Кәсіпкерлер Қаржы министрлігінің "таза парағына" наразылық білдірді: Компанияларға айыппұлдарды кешіруге рұқсат берілмеді
Кәсіпкерлер жаңа талаптарға байланысты наразылық білдіріп жатыр