Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шекарадан атын өзгертіп өтпек болған: Нұрлан Мәсімовтің қалай ұсталғаны белгілі болды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Павлодар облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімовтің қалай ұсталғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Хабарланғандай, Ресей Федерациясы арнайы қызметінің көмегімен Қазақстан – Ресей шекарасының шығыс бөлігінде бақылау-өткізу бекеттерінен тыс жерде оны заңсыз кесіп өтпек болған Қазақстан мен Ресей азаматтарының бір тобы ұсталды.

"Олардың ішінде іздеуде жүрген Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Нұрлан Мәсімовтің аты-жөні анықталды, ол әуелі өзін жалған атпен таныстырды. Қолданыстағы келісімдер аясында 13 шілдеде Мәсімов ресейлік тараппен ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлеріне тапсырылды, содан кейін қажетті тексеру және жауап алу шаралары жүргізілгеннен кейін құзыретіне сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет құзырына ауыстырылды", – деді ҰҚК.

Еске салсақ, осыған дейін Нұрлан Мәсімовтың Ресей шекарасында ұсталғаны туралы мәлімдеген едік.

Талқылау