Алматы облысында қамыс төрт күннен бері өртеніп жатыр
Алматы облысының Балқаш ауданында қамысты өсімдік өртеніп, орман қорына жалын таралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ТЖМ
19 сәуірде Балқаш ауданында қамыс өртеніп, 31 гектар орман қорына таралған.
Аталған факт бойынша ішкі істер органдары қылмыстық кодекстің 341-бабы "Ормандарды жою немесе бүлдіру" бойынша қылмыстық іс қозғады. Осы баптың санкциясы мүлкін тәркілей отырып, сегіз жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.
Өртті сөндіру үшін тікұшақпен жалпы көлемі 387 тоннадан астам 129 су ағызу жұмысы жүргізілгенін атап өткен жөн.
Қазір өрт оқшауланды.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар