Алматы облысында із-түзсіз жоғалып кеткен отбасы табылды
Алматы облысында жоғалған кеткен мылқау жандар отбасы табылды, - деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Алматы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

"Отбасы туыстарына байланысқа шықты. Барлығы жақсы, ойдағыдай. Басқа ақпаратты оқиғаның мән-жайын тексергеннен кейін хабарлаймыз", - деді полиция өкілдері.
Айта кетсек, 5 адамдан тұратын отбасын іздеу туралы ақпаратты қоғам белсендісі Ислам Угушев Facebook желісіндегі парақшасында жарияланған болатын. Ол 41 жастағы Андрей мен 39 жастағы Наталья Чурулиндер жоғалып кеткенін жазған. Олармен бірге үш баласы - Ангелина (12 жаста), Давид (9 жаста) және Даниил (7 жаста) де табылмаған. Отбасы 4 тамыздан бері байланысқа шықпаған.
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған
Қаскелеңде автобус қағып кеткен студенттің ісі жабылып қалған: Анасы қызының ауыр жарақат алғанын айтады
СДУ алдында автобус қызды қағып кеткен, алайда полиция істі көп ұзамай жауып тастаған