Алматы облысында итті көлікке байлап, жолдың бойымен сүйреген жүргізуші жұртты ашуландырды
Полиция Алматы облысында итті жүк көлігінің артына байлап, сүйреткен жүргізушіні ұстады. Ер адам өзінің қатыгез әрекетін себебін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желілерде жануарға жасалған қатыгез әрекет түсірілген видео пайда болғаннан кейін полиция көлік жүргізушісін іздей бастады. Аймақтың ПД-нің мәліметінше, оқиға 20 тамызда таңертең Құлжа тас жолының бойында болған.
"Нәтижесінде Еңбекшіқазақ ауданының 37 жастағы тұрғыны ұсталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, айыпталушының қоқыс шығарумен айналысатыны анықталды. Ер адамның айтуынша, жол бойында иттің өлексесін байқап, оны көлікке байлап, оны адамдар жоқ жерге апарып тастағысы келген",-деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі.
- Нұр-Сұлтанда ер адам 15 күшікті қапқа салып, ыстық күннің астына тастап кеткен: Енді жануарларды азаптағандар түрмеге қамалады
- Шымкентте қорғансыз жануарды атып тастаған ер адам желідегілерді ашуландырды
Дегенмен, аталған дәлелдердің шынайылығы тексерілуде.
Сондай-ақ, осы факті бойынша Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасында 316-бап - "Жануарларға қатыгездік" бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған