Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте қорғансыз жануарды атып тастаған ер адам желідегілерді ашуландырды

Шымкентте ер адамның мысықтың денесін ұстап бара жатқаны түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кадрдан ер адамның мысықты құйрығынан ұстап бара жатқанын байқауға болады. Сондай-ақ, оны кінәлап, мысықты өлтіргенін айтып айқайлаған әйелдің даусы естіледі. Ол ер адамнан маскасын шешуді талап етеді. 

"Маскаңызды шешіңіз, бері қараңыз. Мен қазір жануарларды қорғау мекемесіне жіберемін. Қорғансыз мысықты жатқан жерінен атып тастадыңыз", - дейді әйел. 

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by 🐶ПРИЮТ ДЛЯ СОБАК 🐶 (@pomogi_zhivotnym) on

Полиция оқиғаға қатысты түсініктеме берді. 

"Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 316 бабы 1-бөлігімен ("жануарларға қатыгездік жасау")сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталған. Аталған оқиға бойынша күдікті Абай ауданының Полиция басқармасына жеткізілді. Анықтау амалдары жүргізілу үстінде", - деді полицияда.

Айта кетейің, бұл бап бойынша 120 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұл (333 360 теңге) немесе қоғамдық жұмыстар, 30 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.

Талқылау