Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ер адам суға батып бара жатқан баланы құтқарып қалды (видео)

Алматы облысында ер адам Үлкен Алматы каналында суға батып бара жатқан баланы құтқарып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

Оқиға Талғар ауданы аумағындағы Үлкен Алматы каналында болған. Құтқару сәтінің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Видеодан ер адамның ағысқа қарсы жүзіп, сумен ағып келе жатқан баланы ұстап үлгергенін көруге болады. Куәгерлердің айтуынша, бала тайып кетіп, суға құлап кеткен. Мұны көрген жолдан өтіп бара жатқан ер адам бірден суға секіріп, баланы аман алып қалған.

Алматы облысы әкімдігі баланың өмірін сақтап қалған ер адамның марапатталатынын атап өтті.


Ішінде қазақстандықтар бар: Колумбияда мигранттар мінген қайық суға батып кетті


"Баланың өмірін сақтап қалған батырға Талғар ауданының әкімдігі және барша тұрғындары атынан зор алғысымызды білдіреміз, есімі – Серік Болат. Райымбек ауданында ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтін 28 жастағы кәсіпкер. Оның бұл әрекеті – жанқиярлық пен қырағылықтың жарқын үлгісі", – деді Талғар ауданының әкімі Таңат Айдарбеков.

Еске салсақ, бұған дейін Астанада Ұлттық ұланның сарбазы суға батып бара жатқан жасөспірімді құтқарып қалғаны туралы жазған едік. 

Талқылау